Жуырда Петропавл қаласында белбеу күресінен 2002-2004 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық спортшылар жалпыкомандалық есепте 1-орынды (6 алтын, 6 күміс, 5 қола) жеңіп алды.
Жарыста Шиелі, Жаңақорған ауданы, Қызылорда қаласы және Түгіскен елді мекенінің спортшылары жақсы өнер көрсетіп, команданың алға шығуына өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, Алтынбек Өмірәлі (38 келі), Перизат Әлібек (40 келі), Нұртілеу Анарбай (50 келі), Жансая Сайдуллаева (+57 келі), Қайсар Төлен (60 келі), Диас Мажитов (65 келі) Қазақстан жеңімпазы атанды. Ал, Нұрғали Омар (42 келі), Сәния Сейілханова (44 келі), Нұрберген Ерғали (46 келі), Аслан Әбсаттар (50 келі), Асұлан Әділхан (60 келі) және Бақдәулет Аманкелдіұлы (71 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ, Зарина Серікқали (36 келі), Айберген Маукенбай (46 келі), Бердібек Әмірбек (55 келі), Қуаныш Әседулла (71 келі), Шерхан Оразқұл (77 келі) қола жүлдені еншіледі.
Спортшыларды жарысқа белбеу күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Әбдісаттар Садықов дайындады.