Сыр өңірінде кәсіпкерлер саны артты

Сыр өңірінде кәсіпкерлер саны артты   Қызылорда. Биылғы жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша біздің облыста тіркелген заңды тұлғалар саны 8175 бірлікті құрады. Өткен жылдың айымен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 0,5 пайызға артқаны байқалды. Бұл жөнінде облыстық статистика департаменті мәлім етті.
    Қаңтар айына дейінгі жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 5666-ны құрады, оның 5008-і шағын кәсіпорындар саналады.  Белсенді заңды тұлғалар – 4210,, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 3558. Ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу қызметіне келеді. Оның үлесі  19,1 пайызды құраса, құрылыс саласы 18,1, білім беруде 9,8 пайызды шамалады. Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 47 пайызға жуықтайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қаңтар 2014 г. 875 0