Қызылорда облысының білім басқармасы, облыстық «Дарын» ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 5-6 қаңтар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткен еді.
Оған 274 оқушы 13 пән бойынша қатысып, 134 оқушы облыстық білім басқармасы басшысының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Соның ішінде қоғамдық- гуманитарлық бағыт бойынша 27 оқушы, жаратылыстану – математикалық бағыт бойынша 32 оқушы қорытынды кезеңіне (республикалық) ұсынылды.
2017 жылдың 13-18 наурыз аралығында Павлодар қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану- математикалық бағытына 32 оқушы қатыстырылып, 2 оқушы- ІІ дәрежелі дипломмен, 10 оқушы- ІІІ дәрежелі дипломмен, 2 оқушы- грамотамен марапатталды.
25-28 наурыз аралығында Ақтау қаласында өткен қоғамдық- гуманитарлық бағытқа 27 оқушы аттанып, нәтижесінде 2 оқушы алтын медальға, 4 оқушы күміс, 5 оқушы қола медальға қол жеткізіп, 3 грамота иегері атандық.