Жаңақорған. Аудан орталығында «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында №3 мектеп-интернатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлайды.
Мектеп директоры Л.Нәлібаеваның айтуынша,. алғашқы екі тоқсанды оқушылар №110 мектеп-лицейінде оқыған. Үшінші тоқсанды 300 оқушы қайта жаңарған білім ордасында бастады. Бағдарлама аясында бөлінген қомақты қаржыға мектебіміздің шатыры, едені, есік-терезелері, жарықтандыру құрылғылары толықтай ауыстырылды. Одан бөлек спорт зал, асханамыз жаңарып, шәкірттеріміз тынығып теледидар тамашалайтын залға кілем, жұмсақ жиһаздар, гүлдер, киім ілетін жиһаздарымыз жаңадан алынып мектебімізге ерекше көрік беруде.