Облысымыздағы 97 мамандық 160 біліктілік бойынша кадрлар даярлап келе жатқан 31 колледж, оның ішінде жұмысшы мамандарды даярлайтын колледж студенттері арасында 10 мамандық бойынша аймақтық іріктеу өтуде.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30-қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты дәстүрлі жолдауында Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаған болатын.
Қазіргі таңда, аймақтың еңбек ресурстары баланысы мен жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобалар, шағын және орта бизнес өкілдеріне қажетті жұмысшы кадрларға деген сұраныстың жыл санап артуы кәсіптік білім беру саласын түбегейлі модернизациялауды қажет етіп отыр.
Бүгінгі күні, аймағымызда кәсіптік білім беру саласына оның ішінде жұмысшы мамандар даярлауға деген көзқарасы өзгеріп, жаңаша талаптар қойылып отыр.
Мемлекет Басшысының тапсырмасын жүзеге асыру және еліміздегі жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мақсатында 2015 жылы «Кәсіпқор Холдинг» акционерлік қоғамы «WorldSkills Kazakstan» Ұлттық чемпионатын алғаш рет ұйымдастырып, өткізген болатын.
Үстіміздегі жылы «Кәсіпқор Холдинг» акционерлік қоғамы тарапынан Ұлттық чемпионатты 27 мамандық бойынша 12-14 сәуір аралығында өткізуді жоспарлап отыр.
Өңіріміздегі жастардың жұмысшы мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауда өзіндік орын алатын, дәстүрлі шараға айналдырып, тұрақты түрде өткізу біздің басты мақсатымыз болып отыр.