Балабақша тәрбиешілері өзара тәжірибе алмасты

Балабақша тәрбиешілері өзара тәжірибе алмасты
Балабақша тәрбиешілері өзара тәжірибе алмастыҚызылордада №2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таным» білім беру саласы: балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, жер планетасы, адамдардың ортақ мекені туралы түсініктерін кеңейту» тақырыбында қалалық семинар өтті. Шараға қаладағы «Ал-Сабыр», «Қуаныш», «Бүлдіршін», «Ақтайлақ», «Сыр самалы», «Күнікей», «Қарлығаш» және №32 санаториялық балабақшасының мамандары қатысты.  «Бөбек» санаториялық балабақшасының меңгерушісі Мөлдір Балғабайқызы Умиралиева білім беру әдісіндегі таным мәселелері бойынша сөз қозғап, педагогтарға шығармашылық табыс тіледі.
- 40 жылға жуық тарихы бар балабақша жылдар бойы табысты еңбек етіп келеді. Білім беру саласындағы «Тәй-тәй», «Ақпараттық коммуникативтік технология», «Воскобович», «Дьенеш» және т.б технологиясы бойынша жаратылыстанудан оқу қызметін бірнеше жылдан бері тәжірибемізде қолданып келеміз,- деді М.Б.Умиралиева.
Балабақша тәрбиешілері негізгі оқу қызметттерінің мақсаттарымен таныстырып, оқыту әдістемесіне енгізілген жаңа технологиялар мүмкіндіктерін көрсетті.  «Бөбек» санаториялық балабақшасының хореографы Ғ.Дауылбаева балалардың биін  биыл өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне байланыстырды. Сондай-ақ  аталмыш балабақшаның тәрбиешілері А.Манасова, Н.Алматова, К.Жолдыбаева, К.Есекеева, А.Қарамолдаева,  педагог-психолог М.Абдікамал  балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру тақырыбында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқу қызметін ұсынды. 
Шара соңында назарға ұсынылған оқу қызметтеріне баға беріліп, қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қорытындысында балалар тәуелсіздік туралы ән шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. 

Кәмшат ЕСЕКЕЕВА,
«Бөбек» балабақшасының тәрбиешісі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2017 г. 943 0