Тасбөгет қыстағындағы Бас тоған имаратының 2-ші насосты су көтеру станциясынан «Южный» м/а орналасқан ауыз су жүйесінің ауыстыру камерасына дейінгі (д-550мм) су өткізу құбырының қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталуына орай, 2017 жылдғы 29 наурызда кешкі сағат 23:00- ден бастап, 30 наурыз таңғы 06:00-ге дейін, мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-мен қайта қосу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында қалаға ауыз су беру уақытша тоқтатылатындығын хабарлаймыз.
ТҮСІНІСТІКПЕН ҚАРАУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ!
ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ ТУДЫРМАС ҮШІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АРНАЙЫ ТҮН МЕЗГІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ!