Биылғы жылы Қазақстанда Халықаралық театр күні «Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығын салтанатты тапсыру маңызды оқиғасымен толығып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстан театрлар Ассоциациясының» президенті Асанәлі Әшімов хабарлады.
Сондай-ақ, Асанәлі Әшімов «Сахнагер» қазақстандық ұлттық театр сыйлығы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамының қолдауымен биылғы жылы Қазақстан театрларының Ассоциациясы болып құрылғанын атап өтті.
Асанәлі Әшімовтың айтуынша, «Сахнагер» сыйлығы театр өнері саласында қол жеткізген жетістіктері үшін беріледі. «Театр қауымдастығының ойынша, аталған сыйлық қазақстандық патриотизмнің нығаюына және ұлттық дәстүрге деген сүйіспеншіліктің артылуына, шығармашылық туындылардың әзірленуіне жағдай жасауға, еңбекке деген қарым-қатынасты қалыптастыру жолына, Отан алдындағы борышты адал өтеу бағытына қызмет етуі қажет.
Ұлттық сыйлық аясында жас өнерпаздарды қолдауға айрықша көңіл бөлінетінін атап өткен жөн.