101 жастағы Айша Абдуллинаның қатысуымен «Сахнагер» ұлттық сыйлығы тапсырылады

101 жастағы Айша Абдуллинаның қатысуымен «Сахнагер» ұлттық сыйлығы тапсырыладыҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова әртістер үшін театр күні салтанатты күн болып табылатынын жеткізді.
 «Бүгін алғаш рет Астана қаласында біздің қымбатты әртістерімізді салтанатты түрде құттықтайды.  101 жастағы Айша Абдуллинаның келетіні мені қуантады, әртістер мен көрермендердің көзайымына айналған Айша Абдуллина марапаттаудың куәсі болатыны қуанышты. Біз өнер шеберлерін ұмытпауымыз қажет. Әртістер бір-бірімен байланыста болып, жиі-жиі қауышып тұруы қажет. Театр- бұл өмір, көреремен мен әртістердің қатынасы. Бұл қарым-қатынас жас әртістердің өнер саласында шыңдалуына көмегін тигізеді. Бұл мен және көрермендер үшін де аса маңызды»,-деді Меруерт Өтекешова. 
«Сахнагер» сыйлығы театр өнері саласында қол жеткізген жетістіктері үшін беріледі және «Жылдың үздік режиссері», «Жылдың үздік қоюшы-суретшісі», «Жылдың костюм бойынша үздік суретшісі», «Жылдың жарық бойынша үздік суретшісі», «Үздік әйел рөлі», «Үздік ер рөлі», «Жылдың үздік спектаклі», «Жылдың үздік балаларға арналған спектаклі», «Жылдың үздік драматургы», «Жылдың үздік гримері», «Жылдың үздік театр сыншысы», «Спектакльдің үздік музыкалық рәсімделуі», «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жыл ашуы», «Үздік опера және балет партиясы» номинациясы бойынша үздіктерді анықтайтын болады. Биыл іріктеу турына Қазақстанның 52 театр ұжымы қатысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2017 г. 471 0