
26.03.2017 жылы 05 сағат 15 минутта Басықара су торабында мұз кептелу салдарынан 3 шақырым жоғарыда орналасқан «Балшықсай» учаскесіне су жайылған.
Қауіпсіз жерге 15 адам (оның ішінде 2 бала) шығарылып, Басықара елді мекеніндегі туыстарына жеткізілді. 10 сағат 00 минутта Басықара су торабында мұз кептелу салдарынан 3 шақырым төмен орналасқан «Шортай» учаскесіне су жайылған. Су жайылған аймақта орналасқан Қ. Асановтың жеке шаруашылығынан 32 бас ірі мүйізді малы және 16 бас жылқысы қауіпсіз аймаққа шығарылды. Қатыстырылған: ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ 6 қызметкер, 1 бірлік автокөлік, 1 маторлы қайық. Қауіпсіз жерге- 15 адам, оның ішінде 2 бала, 32 бас ірі мүйізіді мал, 16 бас жылқы шығарылды.
26.03.2017 жылы 10 сағат 40 минутта «МИ-171» тікұшағы Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізуге Қызылорда-Қазалы бағыты бойынша 3 адам және 3 адам экипаж құрамы болып ұшты.
Тікұшақ көмегімен 18 сағат 37 минутта Құмжиек учаскесінен 8 адам (оның ішінде 6 бала) аудан орталығына қауіпсіз жерге көшірілді соның ішінде 1науқас бала. Қауіпсіз жерге- 8 адам, оның ішінде 6 бала шығарылды.
Қызылорда облысы ТЖД