Қызылорда облысында көктем 2017 мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды. Бұл туралы Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
2017 жылғы көктемде Сыр бойынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне және де өзге де әскерлері мен әскериқұрылымдарына 800-ден аса азамат Отан алдындағы борышын өтейді деп жоспарланған.
Алғашқы 15 азаматты 27 наурызда қаламызда орналасқан ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2019 әскери бөліміне шығарылып салынды.
Естеріңізге сала кетсек, әскерге шақырылым Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы «Мерзімді әскери қызметті өткерген әскери қызметшілерді, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес басталады.
Биылғы жылғы көктемде мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар шақырылуға жатады. Шақырылушылар медициналық куәландыру мен әскери қызметке жарамдылығын анықтау жұмысын әскери есепке алынған жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерге бару қажет.