25-26 наурыз күндері Қызылорда қаласында жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өткізілді.
Биыл 21-ші мәрте ұйымдастырылған турнирге Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 24 команда 360 спортшы қатысып, үздіктер анықталды.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Ақтаудың «Ынта» командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды қызылорданың «Ақ барыс», үшінші орынды «Зенит», төртінші орынды «Олимп» командалары иеленді.
Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясымен Талғат Сыздықов («Зенит» командасы), «Үздік қақпашы» - Рауан Атантоев («Олимп» командасы), «Үздік шабуылшы» - Алмаз Бекен («Ақ барыс» командасы), «Бекжан Даулетов» - («Ынта» командасы), «Үздік ойыншы» - Ұлан Жақсылықов («Ынта» командасы), «Үздік төреші» - Серік Қалиев (Тараз қ.) марапатталды.
Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командаларына ақшалай сыйлықтар, кубок, алғыс хаттар берілді.