«Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығы салтанатты түрде тапсырылады

«Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығы салтанатты түрде  тапсырыладыДүйсенбі күні 27 наурызда «Сахнагер-2017» ұлттық театр бәйгесінің тапсырылуы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апталық шолу брифингінде ОКҚ ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады. 
«Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, сондай-ақ, еліміздегі театр қауымдастығының өкілдері қатысады. «Сахнагер» бәйгесі театр өнері саласында қол жеткізген шығармашылық жетістіктері  үшін беріледі»,-деді Мұрат Жұманбай. 
Сонымен бірге, 27 наурызда Алматы қаласында «Өрлеу» халықаралық хореографиялық байқауының жабылуы өтеді.  
Байқаудың мақсаты -Қазақстанның әлемдегі беделін көтеру, ұлттық хореография білім, өнер және мәдениет бейнесін алға жылжыту, халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты, классикалық және халық билерінің таңдаулы дәстүрлерін дамыту, орындау шеберлігін көтеру, балетмейстер, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР халық әртісі Зәуірбек Райбаевтың шығармашылық мұрасын сақтау болып табылады. 
Байқауға  Ресей, Қырғызстан, Түркия және Оңтүстік Африка Республикасының хореографиялық оқу орындарының ұжымдары қатысты. Байқау Ұлт көшбасшысы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен құрылды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2017 г. 489 0