25 наурызда «Бәйтерек» монументінің жарығы өшеді

25 наурызда «Бәйтерек» монументінің жарығы өшедіЕртең Астанада «Бәйтерек» монументінің, «Хазірет Сұлтан» мешітінің және қаладағы өзге де белгілі ғимараттардың жарығы 1 сағатқа сөнеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
«Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы» баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, Қазақстанда WWF қолдауымен «Жер сағаты» экологиялық акциясы  25 наурыз күні сағат 20:30-да басталып, 21:30-ға дейін жалғасатын болады. Бұл жолғы Жер сағатының басты тақырыбы «Адамның экологиялық жауапкершілігі» деп аталады. «2017 жылдың 25 наурызында Қазақстанда Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF), G-Global халықаралық хатшылығының, «Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясының қамқорлығымен, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жер сағаты» атты жыл сайынғы акциясы өтеді. Іс-шараның мақсаты -  ғаламшардың болашағына бей-жай қарамау белгісі ретінде әлем халқын жарықты және тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа сөндіруге шақыру», - делінген таратылған ақпаратта.
Шара аясында елордада «Астана Опера» театры, «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік ел» триумфалды аркасы, Тәуелсіздік сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Астана Арена» стадионы сынды нысандар мен мәдени ескерткіштердің жарықтары бір мезгілде өшірілетін болады. Акцияға елорда әкімі Әсет Исекешев, G-Global халықаралық хатшылығының жетекшісі Серік Нөгербеков, сондай-ақ ақын Олжас Сүлейменов, даңқты боксшы Василий Жиров сынды танымал азаматтар шақырылған. Оның барысында Қазақстанның өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.            

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2017 г. 712 0