Темірше ақынның жырлары оқылды

Темірше ақынның жырлары оқылды    Жалағаш. Өлең өлкесінің көрнекті өкілі Темірше Сарыбаевты еске түсіру мақсатында қаламгердің кіндік қаны тамған Мырзабай ахун ауылында жыр-мүшәйра өткізілді. Оған қатысқан талапкерлер  Т.Сарыбаевтың өлеңдерін жатқа айтып, ақынға арналған өлеңдерін оқыды.
    Еңбек ардагерлері Тұрлыбай Әбдіқалықов, Сұлтан Ізтаев, және басқа да азаматтар естелік әңгімелер айтты. Т.Сарыбаев 1941 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы баспасөз саласында қызмет етті. Оқырман қауымға «Дария-дәурен», «Мазалай бер, махаббат», «Мамырстан», «Айналайын ағайын» атты кітаптарын тарту етті.
Осыдан кейін жыр-мүшәйрасы басталды. Мектеп қабырғасында білім алып жүрген жас өрендер өздерінің жүрекжарды жырларын оқып, ақын рухына тағзым етті. Қорытындысында бас жүлде №124 орта мектептің оқушысы Нұрайым Патталға бұйырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қаңтар 2014 г. 1 587 0