
19 наурыз күні сағат он жарымдар шамасында Қармақшы ауданы Абыла е/м (Жосалы кентінен 24 шақырым), Сырдария өзеніндегі су жайылуы салдарынан қыстауды су алды. 449 бас уақ мал қалып қойып, Абыла елді мекеніне қарасты 28 бас уақ мал өліп қалған.
Көп ұзамай Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізуге және Абыла елді мекеніндегі малдарды қауіпсіз жерлерге көшіруге МИ-171 тікұшағымен 5 адам экипаж құрамы болып ұшты. Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері 2 бірлік техника, «ОӨАЖҚЖ» ММ 9 қызметкері 5 бірлік техника, «РАЖҚЖ» ММ 15 қызметкері 3 бірлік техника 1 қайық, АІІБ 8 қызметкері 2 бірлік техника, ЖАО 45 адам 10 бірлік техника, Абыла елді мекенінің тұрғындарынан 80 адамның күшімен 402 бас уақ мал Қармақшы ауданы, Абыла елді мекеніне қауіпсіз жерге көшірілді. Уақ малды көшіру жұмысына барлығы: 173 адам 22 бірлік техникасымен атсалысты.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы