Сырдария. Ауданда "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы" бағдарламасының іске асырылуына өз деңгейінде мән беріліп келеді. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, оның шарапатын көрген азаматтар саны аз емес.
Аталмыш бағдарламаның "Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету" деп аталатын бірінші бағыты бойынша өткен жылы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен ауданға бөлінген қаржы көлемі - 237874,0 мың теңге құрайды. Аталмыш қаржы Айдарлы, Ақжарма, Шаған, Іңкәрдария, Н.Ілиясов, О.Мәлібаев, Амангелді елді-мекендеріндегі ауылішілік және Тереңөзек кентіндегі А.Тоқмағамбетов, К.Байсейітова көшелері жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына жұмсалып, толығымен аяқталды. Осы бағдарлама негізінде аталған елді-мекендердегі жөндеу жұмыстарына жергілікті тұрғындардан 62 адам тартылды.