КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Қазіргі таңда, кез-келген өңірдің экологиялық жағдайы ең өзекті және ерекше назар қоюды талап ететін мәселелердің бірі. Осыған орай, Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасы облыс тұрғындарына «Экопатруль» атты конкурс жариялап отыр.     Аталған конкурс облыс тұрғындарының назарын аймақтың өзекті қоршаған орта мәселелеріне аударуға көмектеседі.
Конкурстың тәртібіне сәйкес, қатысушылар өздерін толғандырып жүрген экологиялық ахуалды зерттеп, оларды шешудің игі жолдарын ұсынып, нақты идеяларды табыстау қажет. Осыған орай, егер өңіріміздің экологиялық жағдайына немқұрайлылық таңытпасаңыз, аталған конкурсқа қатысыңыздар.
Қатысам деушілерге құжаттарды қабылдау 10.04.2017 жылға дейін созылады. Ең қызықты әрі негізді деп танылған жоба авторлары конкурстың екінші кезеңіне өткізіледі. Екінші кезеңнің нәтижесі бойынша ең үздік деп танылған 3 жоба авторлары Қызылорда облысының табиғат қорғау прокурорымен арнайы сертификаттармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Аталған конкурс бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, +7-747-174-45-11 ұялы телефон нөміріне хабарласуларыңызға болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2017 г. 1 106 0