Кеше Арал аудандық орталық мешіті мен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында наурыз мерекесі өткізілді.
Шара аясында ұлттық спорт түрлері қол күрес, арқан тарту, баппан көтеру, асық ату және шараның басты сайысы баспақ көтеру сынды ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Жеңімпаз иелері түрлі сыйлықтармен марапатталды. Айта кету керек ауданда мұндай шаралар жалғасын табуда.