Субсидиялар тек жұмыс істейтіндерге ғана беріледі - Елбасы

Субсидиялар тек жұмыс істейтіндерге ғана беріледі - ЕлбасыМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік субсидиялардың тек жұмыс істейтін шаруаларға ғана берілетінін тағы бір мәрте ескертті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі кезде ауыл шаруашылығын дамыту үшін триллиондаған ақшаны беріп жатырмыз. Субсидиялар теxникаға, тыңайтқышқа, суармалы жерлерге, сосын сүт, ет, қант және тағы басқа салаларға бөлінеді. Бүгінде сол субсидиялардың барлығын жинап, басқаша тарату қажет. Егер де сенің қолыңнан келсе, субсидияны саған беру керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев отандық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұxбатында.
Президент сөзінде мемлекеттік субсидиялар кейбір шенеуніктердің «астауына» айналғандығын, барлығының сол жерден ақшаны қарпып алуға тырысатындығын атап өтті. Сол себепті субсидияларды бөлу жүйесі қайта қаралмақшы.
«Шынында да, кең байтақ жеріміз бар. Бір гектардан алатын бидайымыз ең көп дегенде 13,5 центнер, дәл сондай жерден мына тұрған Қытай 25 центнер алып отыр. Егер біз 13 центнердің үстінен тағы 5 центнер қосып алатын болсақ, онда тау-тау бидайдың астында қаламыз», - деп атап көрсетті Елбасы.
Айта кетейік, бүгін республикалық арналарда көрсетілген бағдарлама барысында Мемлекет басшысы xалықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде «Президенттік креслодан шаршаған жоқсыз ба?» деген сауал да бар.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев жер саласындағы реформаның тиімділігін қарапайым мысалмен түсіндіріп берді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2017 г. 540 0