Облыстың бас прокуроры кәсіпкерлерді қабылдады

Облыстың бас прокуроры кәсіпкерлерді қабылдадыКеше Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында облыс прокуроры Халидулла Дəуешов кәсіпкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ерекше атап өткен жөн, кездесуге бизнес өкілдері белсенді қатысты.
Жалған кәсіпкерлік мәселесі біздің облысымызда әлі де өзекті болып отыр. Жеке қабылдауда бірнеше кәсіпкер қазір осы мәселенің құрбаны болып отырғандығын айтып, уәкілетті органдардың қабылдап отырған шараларына наразылықтарын білдірді және облыс прокурорына аталмыш жайтты бақылауына алып, құқығын қорғауды сұрады.
Мұнан өзге, қаладағы жер телімі, мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты да шағымданған азаматтар болды. Облыс прокуроры Халидулла Зинуллаұлы кәсіпкерлердің мәселесін мұқият тыңдап, әр факті бойынша жан-жақты зерттеп, тиісті шара қабылдайтындығын жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 502 0