Қызылорда прокуратурасымен еңбек ақыларының төленуі қамтамасыз етілді

Қызылорда прокуратурасымен еңбек ақыларының төленуі қамтамасыз етілдіҚызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз-хатшысы Сейіл Ботакөз хабарлағандай, Қызылорда қалалық прокуратурасымен мониторинг жүргізу барысында «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның 372 жұмысшысына 30 млн. теңгеден астам жалақыларын төлемеу фактісі анықталды.
Прокуратурамен облысы бойынша еңбек саласындағы бақылау басқармасына енгізілген ұсынысымен жұмыс берушіге 136 140 теңге әкімшілік айыппұл салып, ұжым алдындағы қарызды толық өтеуге шаралар қолданылды.
Сонымен қатар, қадағалау органының бастамасымен «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ы мен осы ұйым кәсіподағы арасында жасалған ұжымдық шарты прокуратураның ықпалымен заң талаптарына сәйкестендірілді. Нәтижесінде, 781 жұмысшылардың уақытылы жалақы алуына жағдай жасалып, конституциялық құқығы қорғалды.
Еңбек құқықтарының бұзылуы мәселесіне байланысты қалалық прокуратураның 24-75-86 және 8-775-391-51-39 сенім нөмерлеріне хабарласуыңызға болатынын жеткіземіз.  

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 наурыз 2017 г. 522 0