Көкшетау техникалық институтына түсу ережесімен таныстырды

Көкшетау техникалық институтына түсу ережесімен таныстырдыҚызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Е.Орынбаев №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірге Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейде «Жол картасы КТИ-2016» іске асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Мектеп бітірушілерге Е.Орынбаев Көкшетау техникалық институтына түсу ережесін, қызметте өткеру және беделді оқу туралы айтып өтті. Қорытынды сөзінде өрт сөндіру қызметіне жұмысқа орналасу кепілдігін атап өтті.
Кәсіби-үгіт жұмыстарын барысында Көкшетау техникалық институтының 2015 жылғы түлегі азаматтық қорғау аға лейтенанты К. Ақашев тыңдаушыларға институттын оқу базасын жабдықталуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар, өз сөзінде ол өрт сөндіру-құтқару спорты кәсіби мамандарды даярлау ажырамас бөлігі ретінде атап өтті.
Қорытынды бөлігінде институт туралы имидждік бейнеролик көрсетілді. Оқушыларға оқу орны туралы жадынамалар таратылды және оқу орны жөнінде жеке кеңес алу үшін оқу орынның байланыс мекен-жайы берілді.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2017 г. 586 0