
Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай жасақталған апталық аясында қалалық ардагерлер кеңесі мен қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ерікті жастары 2017 жылдың 15 наурыз күні өңірімізге еңбегі сіңген қарияларымыздың үйіне барып, аға ұрпақ пен өскелең ұрпақ арасында қарым – қатынас орнату мақсатында құттықтау шарасын ұйымдастырды.
Белсенді жастар Тілес Боқаев, Сұлтан Үсенов, Ораз Кәрімбаев, Қаһарман Табынбаев ағаларымыздың үйінде болып, ел ағалары өз ойларын ортаға салып, елде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға қатысты пікірлерін білдірумен қатар, өздерінің кәсіби және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, бас қосу кезінде ұрпақтар сабақтастығын сақтау, рухани – адамгершілік құндылықтар және наурыз мерекесінің тойлану ерекшеліктері төңірегінде пікір алмасылды.