Сала қызметкерлері су басу қаупіне дайын

Сала қызметкерлері су басу қаупіне  дайын Су тасқыны күшейген жағдайда тұрғындарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған шатырлар тігіліп, зардап шеккендер үшін ыстық ас пен жылы киімдер де әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин хабарлады. 
«Тұрғындарды 1707 қабылдау орыны дайындалып, қажетті көлік анықталды. Көшірілген тұрғындарды тамақпен қамтамасыз ету үшін қажетті құралдар, ауыз су мен тамақ өнімдерінің қоры әзірленді»,- деді Юрий Ильин. 
Оның ақпаратына сүйенсек, 2017 жылғы 9-10 наурыз аралығында көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-нің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау бойынша  «Көктем 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Көктемгі су тасқынына дайындық шеңберінде еліміздің әр аймағында республикалық оқу-жаттығу жүргізілді. 
Юрий Ильиннің айтуынша, су басу қаупі мезгілі басталмай Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындардың қауіпсіздігіне баса назар аударып, тасқын суға қарсы кезекті дайындықтарын пысықтайды. Қазіргі таңда аймақтардағы елдімекендердің тұрғындар қауіпсіздік шараларды сақтау туралы мәліметпен ақпараттандырылды. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2017 г. 495 0