Сегізінші мәрте жарыс жеңімпазы

Сегізінші мәрте жарыс жеңімпазы
Сегізінші мәрте жарыс жеңімпазыБүгін «Евразия» спорт кешенінде «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен «Бәрің де жарысқа!» атты орта мектеп оқушылары арасындағы  облыстық ақтық жарыс өткізілді.  
Осымен 23-ші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан  10 команда 230 спортшы  5 эстафеталық сайыс бойынша бақ сынасты. 
Жарыс 3 кезең бойынша өтті. 1-ші кезеңі  әр ауылдық округте іріктеу жарысы өткізілсе, 2-ші кезеңі жартылай финал жарыстары аудан орталықтарында өткізілді. Ал 3-ші кезеңі облыс орталығында финалдық жарыстар өткізіліп, үш кезең бойынша жарысқа 7500 спортшы қатысты. 
Нәтижесінде Қызылорда қаласының №23 мектеп-лицей командасы қатарынан сегіз мәрте жарыстың жеңімпазы атанды. 
Қызылорда қаласының №198 орта мектебі  - екінші орынды иеленсе, №235 орта мектебі – үшінші орыннан көрінді. Төртінші орынды -  Қармақшы ауданының №250, бесінші орынды – Қазалы ауданының №249 мектеп-лицейлері еншіледі. 
Одан кейінгі орындарға № 62 (Арал ауданы), №137 (Сырдария ауданы), № 34(Жалағаш ауданы), №254 (Жаңақорған ауданы) және № 244  мектептер (Шиелі ауданы) ие болды.
1-5 орындарды иеленген командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубок, алғыс хат, естелік сыйлықтарымен марапатталды. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2017 г. 499 0