Әлеуметтік желілерде қаланың тыныс-тіршілігіне, тұрғындардың тұрмысына қатысты мәселелерді тез әрі сапалы шешу мақсатында «Open Kyzylorda», «Ашық Қызылорда» жобасы іске қосылды.
Оған Whatsapp месенджері қолданылады. Себебі, көптеген мәселе тұрғындардың арыз-шағымы ретінде тіркелгенімен, тұрғындардың басым бөлігі мәселелерді әлеуметтік желілерде қалдырғанды жөн санайды. Әрине, барлық желіні шолып шығу мүмкін емес. Жобас тұрғындардың ұсыныстарын біріздендіру мақсатында қолға алынып отыр.
Мессенджер арқылы жолданған әрбір хабарламаның маңыздылығы мен мәселесі бойынша категорияға бөлінеді және әрі қарай мәселені шешу механизмі іске қосылады.
Шұғыл хабарламалар: ауыз су және кәріз жүйесінің істен шығуы, жылу жүйелеріндегі ақаулар, электр желілеріндегі ақаулар мен апаттар, өрт, жол-көлік, төтенше жағдай оқиғалары, қаладағы көрнекі ақпарат құралдарының немесе жол белгілерінің, люк қақпақтарының ашықтығы, мемлекеттік рәміздердің жыртылуы т.б., және ақпараттық хабарламалар: еңбек даулары, жалақы қарыздары, жол сапасы, жолаушылар тасымалы, жолдың жабықтығы, қоқыс жәшіктерінің уақтылы тазармауы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі, азаматтарды қабылдау мәселелері бойынша кеңес алу т.б.
Шұғыл хабарламаларға шаралар қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданып, бұл хабарламалардың орындалу нәтижесі сол күні немесе 3 күн ішінде атқарылған шаралар туралы арнайы ашылған «OPEN_KYZYLORDA» инстаграмм парақшасына жауап беріледі.
Ұсыныс (мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттыру, қаланы абаттандыру, көркейту т.б) мазмұнындағы хабарламаларға егер ол қабылданған жағдайда жоғарыда аталған парақшаға атқарылған жұмыстар туралы ақпарат салынады.
Мазмұны ұқсас немесе қайталанған хабарламалар арнайы әзірленген скриншоттар арқылы жауап беріледі.
Whatsapp месенджері kcell байланыс операторының 8 702 887 11 11 нөміріне жүктелген. Әрбір хабарламаға ұзақ сөздер емес, тек қана «ОК» белгісі жіберіледі. Бұл белгі сіздің хабарламаңыз назарға алынғандығын және әрі қарай тиісті сала арқылы жұмыс жасалатындығын білдіреді.
Жіберілген хабарламалар қалалық ішкі саясат бөліміне түседі, әрі қарай мазмұнына байланысты тиісті органдарға жолданады.
Ол мына бағыттарға топтастырылды:
«Салалық бөлімдер» - қай салада мәселе көтерілсе, сол сала бойынша айналысатын тікелей бөлімдерге жолданады.
«Кент, ауылдық округ әкімдері» - Өздеріңізге белгілі Қызылорда қаласына қарасты 7 ауылдық округ және 2 кент бар. Біздің аймағымызғы ауылдық округтер мен кенттерге қатысты мәселелелер әкімдеріне жолданатын болады.
«Арнайы қызметтер» - «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Қызылорда Су жүйесі» МКК, «Қызылорда сыр суы» ЖШС, «Қызылорда су шаруашылығы» МКК, «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК, қалалық электр тарату орталығы секілді арнайы қызметпен айналысатын мекемелерге жіберіледі.
Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасына құқықбұзушылық, бұзақылық, жол көлік оқиғасы орын алғанда жолданады.
Төтенше жағдайлар бойынша Өздеріңізге белгілі төтенше жағдай сипатындағы шұғыл хабарламалар жіберіледі.
Бұл жоба бейресми болғандықтан әрбір тұрғынға Whatsapp месенджерінде жеке жауап беруге мүмкін болмайды (лента толып кетуі мүмкін). Мүмкіндігінше барлық қалдырылған хабарламаларға сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесі арнайы ашылған инстаграмм желісіндегі «Open Kyzylorda» парақшасында жарияланады.
Жоба дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Жобаны үйлестіруші қалалық ішкі саясат бөлімінде арнайы маман бекітілді.
Жоба нәтижелі жұмыс жасау үшін әлеуметтік желілерде де «OPEN KYZYLORDA» жобасының іске қосылғанын және мақсатын барынша кеңінен насихаттап, хабарлайтын боламыз.
Қызылорда қаласының әкімдігі