Қызылордада 32 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызылордада 32 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылдыБиығы жылдың 13-15 наурыз аралығында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу, ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған азаматтық қару айналымын бақылау, олардың сақталуын қамтамасыз ету, дабыл қондырғыларының сапалылығын және заңнама талаптарына сай болуын бақылау мақсатында Қызылорда облысы аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады. Шара барысында полиция қызметкерлерімен арнайы рейдтік жұмыстар жүргізіліп, қару-жарақтардың иелері тексерілді. Нәтижесінде іс-шараның бір күнінде 32 заң бұзушылық анықталып, ішкі істер органдарында тіркелмеген 4 қару тәркіленді. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 484-бабы бойынша, азаматтық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 17 қару иесіне, ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін 11 қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.
«Осыған сәйкес, Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасы барлық қару иелерін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген талаптарды қатаң сақтауларын сұрайды», - делінген ІІД-нің таратылған хабарламасында.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2017 г. 632 0