Қазалыда балыққа бетбұрыс жасалды

Қазалыда балыққа бетбұрыс жасалды  Қазалы. «Ауданда кенжелеп қалған балық шаруашылығын дамыту жұмысы қолға алына бастады. Соңғы екі жылда құрғап қалған Ақкөл, Мариямкөл секілді бес көлдің айдыны суға толды» деп хабарлайды аудан әкімдіні баспасөз қызметі. 
  Жалпы, аудан аумағында Ақсай, Қуаңдария көлдер жүйесінде 9007 гектар аумақты құрайтын 17 су айдыны бар. Бүгінгі таңда осы учаскелерде 11 балықшы бригадасы жұмыс жасайды. Онда 50 адам нәпақасын тауып жүр. Жыл басында аудандағы «Қаракөл» көлі де тауарлы балық шаруашылығы көлдерінің тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта бұл аумаққа да су жеткізіліп, балық аулауға қолайлы жағдай жасалатын болады.
 
Қазалыда балыққа бетбұрыс жасалды
 
Қазалыда балыққа бетбұрыс жасалды
 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қаңтар 2014 г. 1 322 0