Қазалы. Өткен жылы Қазалы ауданында 150 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша несие алып, кәсібін ашты. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Солардың бірі - Өркендеу ауылының тұрғыны Айғали Жолмырзаев. Мемлекет қолдауымен 2 миллион теңгеден астам несие алған Айғали бүгінде төрт түлікті бағып, басын көбейтіп келеді. Мұнан өзге осы ауылда екі адам несие алып, 5 адамға жұмыс тауып берді.