Аралда қорғаныс бөгеттері бекітілуде

  Арал. Аудан көлемінде 2013-2014 жылғы қыс-көктем кезеңдеріндегі мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында іс-шара жоспары бекітіліп, дайындық жұмыстары пысықталды. Бұл жөнінде бізге аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
  Сырдария өзенімен келетін мол судың әсерінен қыс-көктем айларында су басуы мүмкін Арал ауданында 2 аса қауіпті учаскелер бар. Атап айтқанда, Бекбауыл ауылдық округіндегі Амангелді жармасы бөгеті мен Аманөткел ауылдық округіндегі Бұрмақұлақ каналының қорғаныс бөгеті. Биыл осы 2 учаскені күшейту және қайта қалпына келтіру мақсатында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы арқылы қаржы бөлініп, аса қауіпті тұсы болып саналатын жерлерін топырақпен нығайту жұмыстары жүргізілді.
  Аудан көлемінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға, қыс-көктем айларында дария бойындағы және жол бойында орын алуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою және кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 3 тонна қысқы дизель отыны, АИ-92 маркалы 2,5 тонна бензин жанар-жағар май қорын жасақтауға 753 мың теңге қаржы аудан әкімі резервінен қаралып, қамтамасыз етілді.
  Сырдария өзенімен келетін мол судың әсерінен су басу қауіпі төнген жағдайда жоғарыда аталған қауіпті учаскелердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы жануарларын Бекбауыл ауылдық округі, Құмбазар елді мекеніне көшірілетін болады. Көшіру жұмысатырына 15 техника, 30 ерікті жасақ жұмылдырылады. Жетес би ауылдық округіне қарасты Водокачка елді мекені де қауіпті учаскелердің бірі. Су басу қауіпі төнген жағдайда елді мекеннің тұрғындары ауылдық округ орталығы Райым елді мекеніне шоғырланады. Көшірілуге бекітілген техника саны – 7, 30 адам жұмылдырылды.
Бөген ауылдық округі бойынша су басу қауіпті учаскесі болып саналатын Қарашалаң елді мекенінің «Қарашалаң» көліне жақын орналасқан 9 үйде 63 адам тұрады. Олардың иелігіндегі мал басы 389. Қауіп төнген джағдайда халықты №75 орта мектеп ғимараты мен Қарашалаң мәдениет үйіне орналастыру белгіленген. 60 адамға дейін қабылдауға болады. Құтқару жұмысатырна 2 автокөлік жұмылдырылады.
Қауіпті учаскелер орналасқан ауылдық округ әкімдеріне Сырдария өзені бойында орналасқан елді мекендердегі қауіптің алдын алу және тез арада шұғыл жұмыстар атқаруға, кезекшілік ұйымдастырып, үнемі тәулік бойы бақылауда ұстау міндеттері жүктеліп, су басу қаупі төнген жағдайда күш құралдарының дайын болуын ұйымдастыру жұмыстары тапсырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қаңтар 2014 г. 997 0