Зілтемірші Майя Манеза бизнеске бет бұрды

Зілтемірші Майя Манеза бизнеске бет бұрдыМайя Манеза денсаулық және сұлулық орталығын ашты. Зілтемірші бұл жөнінде Инстаграмдағы өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бизнеске бет бұрған Майяны құттықтап, кəсібіне сəттілік тілеп жатқандар көп. Барлығы отбасының мұндай қадамына шынайы ықыластарын, ризашылықтарын білдіруде. Спортшы қыз жаңа орталықта түрлі қызмет көрсетілетінін жазған.
"Біздің орталық өз жұмысын бастайды. Қытай елінен тəжірибе жинақтаған дəрігерлер шақырылды. Іш құрылысы, тірек-қимыл аппараты, бедеулік сияқты сырқат түрлерін емдейміз", - деп жазды ауыр атлетші.
Сондай-ақ ол өз өмірінің жаңа кезеңі басталғандығын жəне əр келушіні асыға күтетіндігін айтқан. Айта кету керек, Майя Манеза спорттық жаттығуларын жалғастыруда. Халықаралық Олимпиада комитеті Манезаның бұған дейінгі нəтижелерін жойғанымен, ол спортпен қоштасқан жоқ. 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасында бақ сынауы əбден мүмкін. 2013 жылы зілтемірші Вячеслав Ершовқа тұрмысқа шыққан Манеза бүгінде бір ұл тəрбиелеп отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2017 г. 469 0