Конституцияның өзгерілуі- саяси саладағы үлкен реформаның бастамасы

Конституцияның өзгерілуі- саяси саладағы үлкен реформаның бастамасыҚР Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Дархан Қалетаев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында конституцияның өзгерілуінсаяси саладағы үлкен реформаның бастамасы ретінде қарау керектігін алға тартты. 
«Бұл  қадам-жаңа бастамаға апарар жол, саясат саласындағы үлкен реформаның бастауы. Әлемде жағдай өзгерді. Президенттік билік күшейтілуде. Президенттің рөлі артқан ағайынды елдерде бірқатар конституцияларды өзгертуге дайындық басталып кетті. Бұл еліміздегі саяси өзгерістің зор бастамасы»,-деді спикер.  
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың қаңтар айында Президент конституциялық реформаны іске асыруды ұсынған болатын. Осыған орай, заңның жобасы дайындалып, бір ай бойы барша халықтың талқысына салынды. Нәтижесінде, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді. Екінші оқылымда тұжырымдамалық тұрғыда депутаттардан заң жобасы өз қолдауын тапқан болатын. Президент Конституцияға жариялы түрде қол қойды.
Дархан Қалетаевтың айтуынша, Конституцияның жаңа редакциясында бірқатар жаңашылдыққа басымдық берілген, атап айтсақ, Парламент рөлінің көтерілуі, Мемлекет басшысының бірқатар өкілеттіліктерінің Үкіметке тапсырылуы, сот жүйесі мен прокуратураның конституциялық негізінің нақтылануы; жергілікті басқарушы органдар мен өзін-өзі басқару қызметтерінің құқықтық негіздерінің жетілуі, конституциялық құрылым негіздерін қорғау тетіктерін нығайтуы. 
Сондай-ақ, спикер  Парламенттің рөлін нығайтатын түзетулерге, атап айтсақ, Конституцияның 57 бабының 6) тармақшасына аса мән берді. 
«Бұған дейін аталған тармақшаға сәйкес, депутаттар Үкіметтің есебін тыңдау нәтижесінде дауыстың басымшылығымен Үкімет мүшелерін қызметтерінен босату туралы Елбасына жолданған ұсынысты қабылдайтын  және Елбасы бұл ұсынысты кері қайтарған жағдайда депутаттар бірінші ұсыныс түскен күннен алты ай ішінде Елбасына ұсынысты қайта жолдауға құқылы болатын. Бұл жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшелерін қызметінен босатады. Қазіргі таңда ұсынылған ережеде Парламент депутаттары Үкімет мүшелерін қызметінен екі-үш дауыстан кем емес жинау арқылы босатуды білдіре алады, жаңа ережеге сәйкес Үкімет мүшелерін қызметтерін босату туралы Палата депутаттарының ұсынысын Президенттің кері қайтару құқығы қысқартылды»,-деді Д.Қалетаев.  
Сенат депутатының айтуынша, осы мысал арқылы Парламенттің рөлін айқын көруге болады. 
«Конституцияның жаңа ережесі Үкімет мүшелерінің, Парламент депутаттарының жауапкершілігін нығайтуда  тұрақты және келісілген жұмыстың бастамасына әкеледі. Барлық конституциялық реформа биліктің барлық тармақтарының жауапкершілігін арттыруға бағытталған»,-деді Дархан Қалетаев.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2017 г. 486 0