Бір топ ананы мерекемен құттықтады

Бір топ ананы мерекемен құттықтады«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы партияның «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобалары аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған бір топ ананы Халықаралық әйелдер күні мерекесемін құттықтап, сый-сияпат көрсетті. 
Салтанатты шараны облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып, ақжолтай тілегін білдірді.
«Қадірлі аналар! Мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін біз Сіздерді қашанда құрметтейміз! «Нұр Отан» партиясы отбасын қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың маңызды институты ретінде жоғары бағалайды. Себебі отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері қалыптасады. Осы орайда ерекше қажеттілікті керек ететін, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған Сіздерге облыстық партия филиалы атынан шынайы алғысымды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық пен саулық, балаларыңызға жарқын болашақ тілеймін», - деді Ибадулла Құттықожаев.
Іс-шара барысында Алпамысова Жұмакүл, Ақбаева Аида секілді көп балалы аналар сөз алып, «Нұр Отан» партиясы тарапынан мүмкіндігі шектеулі балғындар үшін жасалып отырған қамқорлықтарды тілге тиек еттіп, өз ризашылықтарын білдірді.
Іс-шара соңы аналарымызды марапаттау рәсіміне ұласып, ән-жырдан мерекелік шашу шашылды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2017 г. 637 0