«Өрт сөндіруші» АҚ филиалы авариялық-құтқару қызметін көрсетеді

«Өрт сөндіруші» АҚ филиалы авариялық-құтқару қызметін көрсетедіОсы күнге дейін өңірдегі ұйымдарға, елді мекендерге және нысандарға өрттен қорғау қызметін көрсетіп келген Қызылорда облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы 2006 жылдан бастап авариялық-құтқару қызметін көрсете бастады.
Авариялық-құтқару жұмыстары – ол адамдарды құтқару, материалдық және мәдени құндылықтарды сақтап қалу, ТЖ аймағында табиғи ортаны қорғау,  ТЖ  оқшаулау олар үшін қауіпті факторлардың болуы мүмкін деңгейін басу немесе барынша төмендетуге бағытталған әрекеттер. Авариялық-құтқару жұмыстары осы жұмыстарды атқаратын адамдардың өмірлеріне және денсаулықтарына қауіп төндіретін факторлардың болуымен сипатталады және арнайы дайындықты, жарақтарды және жабдықтауды қажет етеді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына сонымен қатар іздестіру-құтқару, тауда құтқару және газдан құтқару жұмыстары жатады.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 1-бабында: «Авариялық-құтқару қызметі – бірыңғай жүйеге функционалдық біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған, азаматтық қорғаудың ұйымдық-біріктірілген басқару органдарының, авариялық-құтқару құралымдары мен құралдарының жиынтығы», – деп анықталады.
Осы анықтамалардың өзінен-ақ авариялық-құтқару қызметінің маңызын байқауға болады. Халықта «Жылай-жылай арық қазсаң, күле-күле су ішерсің» дегендей, осы мақалды «Өрт сөндіруші» АҚ қатысты қолдануға болады, ол көптеген жылдар бойы өрттен қорғау қызметін көрсетіп келген еңбегінің нәтижесінде тиісті органдар берген авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу куәлігіне ие болды, ол көрсетілетін қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қызылорда облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалында атап айтқанда, «Қызылқұм» ЖШС, «TS Оңтүстік мұнай» ЖШС, «Волковгелогия» АҚ, «Агрохолдинг Байконур» ЖШС-гі, «Байкен-U» ЖШС, «ҚОР» ҰК АҚ, «Саутс-Ойл» ЖШС, «Кристалл менеджмент» ЖШС және «Галаз и компания» ЖШС нысандарын өрттен қорғау қызметін көрсететін өрт сөндіру бекеттерінде авариялық-құтқару қызметтері құрылды.
Осы қызметтерді құру барысында филиалда бұрыннан жұмыс істейтін өрт сөндіруші бөлімшелерінің жеке құрамы құтқарушы мамандығына және газдан құтқару жұмыстарын жүргізуге қайта оқытылды.

 «Өрт сөндіруші» АҚ 
Қызылорда облыстық филиалы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2017 г. 646 0