Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу бойынша бірқатар шараларды әзірледі

Денсаулық сақтау министрлігі  дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу бойынша бірқатар шараларды әзірледі
Денсаулық сақтау министрлігі  дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу бойынша бірқатар шараларды әзірледі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Сұлушаш Қуатжанова Орталық коммуникациялар қызметінің апталық брифингі барысынданарықтағы дәрі-дәрмектің бағасы жайында түсінік берді. 
«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы биылғы өз Жолдауында барлық дәрі-дәрмектің бағасын заңды түрде реттеуді  тапсырған болатын. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта жұмысты бастап кетті.  Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне, «Кәсіпкерлік» кодексіне мүдделі мемлекеттік органдармен,  Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ және тағы басқа қоғамдық бірлестіктермен бірлесе өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады»,-деп мекеменің өкілі журналистердің сауалына жауап берді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2017 г. 426 0