«Ғаламның сұлу бейнесі»

«Ғаламның сұлу бейнесі»Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай облыстық филармонияда «Ғаламның сұлу бейнесі» атты қойылым-концерт өтті.
Бұл шараға өнерсүйер жұртшылық көп жиылды. Қарт аналарын жетектеген ұл-қыздар мен сүйіктілеріне мерекелік сый жасағысы келген ер азаматтардың дені осы күні облыстық филармония залынан табылды.
Алдымен, кеш жүргізушілері Жомарт пен Мөлдір сахна төрінде аналар мен аруларға құттықтау тілектерін жеткізіп, жарасымды әзілдерімен көрермендерді бір серпілтіп алды. Мұнан соң, өнер ұжымы елге белгілі композиторлардың «Мен сыйға тартқан орамал», «Анашым», «Анажан», «Сирен гүлдер», «Қазақ қызы», «Ана жүрегі», «Ерке қыз», «Попурри», «Ана», «Қара көздер», «Іңкәрім-ай», «Жан ана» және «Ерке қыз» атты әндерін орындады. Сонымен бірге, «Аршин Мал-Алан» музыкалық комедиясынан үзінді қойылып, «Томирис» би ансамблі өнер көрсеттi.
Әсерлі кешке жиылғандар өнер иелерімен бірге ән шырқап, думанды кештің көркін одан әрі қыздыра түсті. Қорыта айтқанда, аналар мен арулар күнінде мерекелік кеш ұсынған өнер ордасының бұл концерті көрермен көңілінен шыққан жұлдызды кешке айналды.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 наурыз 2017 г. 443 0