2018 жылы зейнетақы көлемi 45%-ға артады

2018 жылы зейнетақы көлемi 45%-ға артады2018 жылдың 1 шiлдесiнде зейнетақының орташа көлемi 2016 жылғымен салыстырғанда 45 пайызға артады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында осындай болжамымен бөлiстi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Бiз 2020 жылға қарай зейнетақы жүйесiн жаңғыртамыз, ал осы жылдан кейiн жүйе дамитын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы уақыттан бастап мемлекет бюджетiнен төленетiн зейнетақы көлемiн арттыруды қарастырып отырмыз. Тағы қайталап өтсек, биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап зейнетақы көлемi 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға ұлғаяды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге арналған төлем, асыраушысынан айрылғандарға төленетiн жәрдемақы 16 пайызға артады», - дедi Т.Дүйсенова.
Министрдiң айтуынша, бұның барлығы мемлекеттiк бюджеттен қосымша қаржының бөлiнуiн қажет етедi. Қазiргi таңда 300 млрд теңге бюджетте қарастырылған. Бұл қаржы 3 млн астам азаматты қамтиды.
«Бiз 2018 жылы 1 шiлдеде зейнетақының орташа көлемi 2016 жылмен салыстырғанда 45 пайызға ұлғаяды деп болжап отырмыз», - дедi Дүйсенова.
Еске салсақ, бұған дейiн биыл зейнетақы көлемiнiң 20 пайызға артатынын, 2020 жылдан бастап жұмыс берушiлердiң қосымша 5 пайыз зейнетақы жарнасын төлейтiнiн хабарлаған едiк. Сондай-ақ, базалық зейнетақының қайта есептелетiнiн айтқан болатынбыз.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 наурыз 2017 г. 492 0