«Көктем-2017» республикалық командалық- штабтық оқу-жаттығуы өтті

«Көктем-2017» республикалық командалық- штабтық оқу-жаттығуы өтті
«Көктем-2017» республикалық командалық- штабтық оқу-жаттығуы өтті Қызылорда облысы аумағында «2017 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.  Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ТЖД сілтеме жасап хабарлады.
«Көктем-2017» РКШОЖ ұйымдастыруға ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы», өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі, Апат медициналық орталығы бригадасы, сондай-ақ жергілікті АҚ және ТЖ құрылымдары,  қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі,  ҚР Ұлттық ұланы №5547 әскери бөлімі, облыстық, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою комиссиясының төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік органдар және аудан әкімшілігі өкілдері қатыстырылды. Оқу-жаттығу барысында көктемгі кезеңдегі су тасқыны уақытында  күштер мен құралдардың, сондай-ақ гидротехникалық құрылғылардың, көліктік коммуникациялардың, құлақтандыру жүйесінің  төтенше жағдайларға әрекет етуі тексерілді. Су тасу кезеңіне дайындық және оқу-жаттығу үшін су басу қаупі бар аумақтардың, су өткізу орындарының, селге қарсы және басқа да инженерлік  құрылғы қорғанысының, суда жүзу құралдарының саны нақтыланды.  Жанар-жағар май, азық-түлік, дәрі-дәрмек, палаткалар қоры толықтырылды. Аудандық және облыстық әкімшіліктерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Өзеннің ағысы тұрақты бақылауда болды. Гидротехникалық нысандардың жағдайы тексерілді, су өткізетін құрылғылардың, жолдардың қоқыстан тазартылуы қадағаланды.         Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу екі кезеңнен болды. Бірінші кезеңде жағдайдың талдауы, шешім қабылдау үшін ұсыныстар, жоспарлау нұсқалары, көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайды жоюдың мемлекеттік жүйесі дайындалды. Оқу-жаттығу барысында 2017 жылдың 9 наурызында 11 сағат 30 минут шамасында  Қызылорда қаласы Астана даңғылында Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі О. Бержановтың және Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С. Сермағамбетовтің қатысуымен облыстық азаматтық қорғаныс және авариялық құтқару құрылымдары және күш-құралдарының дайындығын қарау өткізілді. Жалағаш ауданында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Сүлейменовтің қатысуымен аудандық азаматтық қорғаныс және авариялық құтқару құрылымдары және күш-құралдарының дайындығын қарау ұйымдастырылды. Бұдан соң аудандық және облыстық активтердің қатысуымен жедел жиын өткізілді. Екінші кезеңде құтқару және басқа да кезек күттірмес жұмыстардың жүргізілуі тәжірибе жүзінде сыналды. Қызылорда қаласы Талсуат елді мекенінде авариялық құтқару құрылымдары мен күш-құралдарының дайындығын шыңдау мақсатында арнайы тактикалық оқу-жаттығу болды.  Су тасқыны кезеңінде және елді мекенге қауіп төну жағдайына орай төтенше жағдайлар департаменті авариялық құтқару бөлімшелерінен 20 әрекет ету құрылымдары, оның ішінде 250  адам мен 61 техника бірлігі жасақталды. Олар су басу қаупі бар елді мекендерде әрекет ету үшін дайындықта болды. 10 наурызда облыстық әкімшіліктің Жағдайлар орталығында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Сүлейменовтің төрағалығымен аудан әкімдерін және облыстық басқарма, департамент басшыларын қатыстыра отырып, жедел кеңес өткізілді. Оқу-жаттығудың қорытындысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары - облыстағы оқу-жаттығудың басшысы С.Сүлейменов шартты төтенше жағдайды жою іс-шаралары кезінде жедел іс-әрекет жасай білген қызметтердің  жұмысына оң бағасын берді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 наурыз 2017 г. 618 0