
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы» ЖШС мамандарымен бірлесіп оқу-семинарын ұйымдастырды. Субсидиялауды электронды түрде жүзеге асыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында өткен семинарға облыстағы мал шаруашылығымен айналысатын мамандар қатысты.
Оқу-семинарын «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы» ЖШС-ның кеңесші маманы Мирас Мұханов жүргізіп, субсидиялаудың жаңа электронды жүйеде жұмыс жасау мүмкіндіктерін таныстырды. Семинардың мақсаты – мал шаруашылығы саласында субсидиялау жұмыстарының барлығын электронды түрге көшіру, яғни болашақта шаруалар өз өтінімдерін бөлімдер мен басқармаға бармай-ақ, үйлерінен өтінім бере алатындай жағдай жасау болып табылады.