Қазалыда алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетілді

Қазалыда алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетілдіҚазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов көп балалы батыр аналармен кездесті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі. Кеште алтын құрсақты аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Кездесуге қала, кент, ауылдық округтерде тұратын батыр аналар шақырылған.
Аудан басшысы еліміздің егемендік алған жылдары жеткен жетістіктері мен отбасындағы алтын құрсақты аналардың рөлі туралы айта келіп, ел демографиясының дамуына елеулі үлес қосқан аналарға сый-құрмет көрсетті.
Кездесуде сөз алған «Еңбек ардагері», «Алтын алқа» иегері Маржанкүл Жүсіпова мемлекеттің осынау қамқорлығына зор алғыстарын білдіріп, жергілікті басшылықтың жұмыстарына сәттілік тіледі. Айта кетейік, бүгінде ауданда 2 мыңнан астам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 наурыз 2017 г. 424 0