Өткен жылдың екінші жартыжылдығындағы өзектендіру нәтижесімен Қазақстанның индустрияландыру картасы аясында облысымызда жалпы құны 151,7 млрд. теңгені құрайтын 24 жоба іске асырылуда. Өткен жылдың екінші жартыжылдығында өткізілген өзектендіру қорытындысымен жобаларды индустрияландыру картасына енгізу көрсеткіші бойынша біздің облыс республикада алғашқы бестікке енді. Бұл жайында облыс әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Аталмыш бағытта «Шыны зауыты құрылысы» республикалық карта аясында жүзеге асырылуда. Жобаға 18,8 млрд. теңге көле¬мінде инвестиция салынады. Осының нәтижесінде жоғары технологияларды пайдалану арқылы экс¬портқа бағытталған өнім шығара отырып, аймақ эко¬номикасының дамуында жаңаша серпін болады.
Өңірлік индустрияландыру картасындағы 23 жобаның 14-і 2010-2012 жж. іске қосылып, 799 жаңа жұмыс орындары құрылған. Былтыр 20 желтоқсанында өткен Индустрияландыру күнінде жалпы ұлттық телекөпір аясында «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы зауытының екінші кезені жалпы құны 4,3 млрд. теңге көлеміндегі 18,5 мВт электр энергия өндіретін энергокешен іске қосылды. Энергокешеннің бір ерекшелігі күкірт қышқылын өндіру барысында бөлінетін будан электр энергиясы өндіріліп, қоршаған ортаға залалы тимейтін өндіріс орыны болып саналады. Сондай-ақ жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану бағытында Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-Ю» ЖШС-нің күкірт қышқылы зауыты жанында сағатына 420 квт электр энергиясын өндіретін күн электр станциясы іске қосылды.
Алдағы 2014-2018 жылдары индустрияландыру картасындағы қалған 10 жоба іске қосылып, оның аясында 1881 жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде. Сонымен қатар жыл қорытындысымен өңірлік индустрияландыру картасына жалпы құны 6,6 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба енгізілді.