
Қызылорда қаласы әкімдігі және "Қызылорда автобус паркі" 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, қаламыздың нәзік жандыларына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қаладағы қоғамдық көліктерде мың дана гүл шоқтарын сыйға тартты.
"Қызылорда автобус паркі" ЖШС қызметкерлері қоғамдық көліктерге мінген нәзік жандыларға құттықтауларын жеткізіп, арнайы алынған гүлдерді таратып отырды. Қыз-келіншектер болса ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып жатты.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда қаласы әкімдігі және "Қызылорда автобус паркі" ЖШС мұндай шараларды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.