Полицей қыз-келіншектер марапатталды

Полицей қыз-келіншектер марапатталды
Полицей қыз-келіншектер марапатталды Бүгін Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардың, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардың құрметіне  арналған мерекелік іс-шара өтті. 
Салтанатты шара барысында полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген нәзік жандыларды құттықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың бұйрығымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің қыз-келіншектері марапатқа ие болды. ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омыраулық белгісімен Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Макулбекова Ирада Кыдырбековна, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметі Әкімшілік тәртіппен қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнының полицейі полиция старшинасы Мүйденова Гуля Қалжанқызы, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығының «102» операторы полиция старшинасы Ашимова Гульзат Бакытбековна марапатталды. 
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Грамотасымен» Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бастығы полиция майоры Алменова Ақмарат Абубәкірқызы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Алғыс хатымен» Сырдария ауданы ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Смагулова Жулдыз Аягановна марапатталды. Жалпы айтулы күнге орай, департаменттің 81 қызметкеріне және 9 зейнеткеріне құрмет көрсетіліп, оның ішінде 16-ы департамент бастығының Құрмет грамотасымен, 19-ы Грамотамен, 31-ы Алғыс хатпен марапатталып, 21-іне Алғыс жарияланды. 
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің  құрметіне әндер шырқалып, билер биленіп, ақ тілектер мен мадақтар айтылды. Сонымен қатар, шара барысында жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, ішкі істер органдарында халықтың мүддесі үшін көп жылдар бойы  қажымай еңбек етіп келген ішкі істер органдарынан құрметті еңбек демалысына шыққан зейнеткер апалардың құттықтауы, естеліктері, кейінгі буын өкілдеріне айтар ақыл-кеңестері тыңдалды.  

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 наурыз 2017 г. 757 0