Ұстаздар ұлықталды

Ұстаздар ұлықталдыКеше Халықаралық әйелдер күніне орай №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім – инновация» лицей-интернатында мерекелік кеш өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, ардагер ұстаздарды құттықтады.
 – Әйел-Ана – өмірдің өзегі. Еліміздің дамуында, облыс мерейінің үстем болуында, қашанда аналар мен қыз-келіншектердің еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесінде барша аналарымызды, қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық тілеймін, – деген облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов білім саласында ұзақ жыл еңбек еткен ардагер ұстаздарға сый-сияпат көрсетті.
Мұнан соң, облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев аналарға деген ыстық ықыласын әнмен әрледі. Сөйтіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара соңы аталған лицей-интернатында оқитын өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
 
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 наурыз 2017 г. 548 0