
Қазалы ауданының əкімдігі мен Кəсіпкерлік бөлімі жоғарғы деңгейде "Əйел бизнесі жəне мүмкіндіктер" атты бизнес форумын өткізді.
– Бизнестегі əйелдер мен түрлі салаларда белестерді бағындырған нəзік жандылар марапатталып, еңбектері еленген күн болды. Ал, біз болсақ, форум қатысушыларына қаржы көздерін тарту жолдарын түсіндіріп, мемлекеттік бағдарламалардың берер мүмкіндіктерімен таныстырдық, – деп жазады Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас менеджері Анар Қожаниязова.