Аудан әкімі ғасыр жасаған кейуананы құттықтады

Аудан әкімі ғасыр жасаған кейуананы құттықтадыКеше Арал ауданының әкімі М.Оразбаев жасы 107-ден асқан Күлмараш Ибайдуллаеваны 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күнімен арнайы құттықтап, ғасыр жасаған ғибратты ғұмыр иесінің қолын алып, хал-жағдай сұрап, құрметін көрсетті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
– Кезінде ерен еңбегімен мемлекетіміздің іргетасын нығайтуға атсалысқан ақ жаулықты әжелер бұл күнде ел тәуелсіздігінің арқасында өздеріне көрсетілген жан-жақты қолдау мен қамқорлықты сезініп, әдемі қартаю бақытын бастан кешіруде, – делінген хабарламада.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 наурыз 2017 г. 453 0