Білім министрлігінің ресми сайты шетел сайттарындағы DDOS-шабуылына ұшырағанын Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Сухенбердиева хабарлады.
«5 наурыз жексенбі күні түнгі уақытта Министрліктің сайтына DDOS шабуылы жасалды.Келесі күні түске қарай сайт қалпына келтірілді. Алдын ала болжам бойынша шетел серверлерінен жасалған»,-деді Эльмира Суханбердиева
Вице-министрдің айтуынша, сайтқа жасалған шабуыл жалған ақпараттарды тарату мақсатында бағытталған. Бұл білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сенімсіздік тудыру мақсатында жасалып отыр.
ҚР БҒМ тиісті шаралар қолдану үшін құзырлы органдарға хабарлады.