«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі 17 наурызда қорытындыланады

«Тұмар»  ұлттық телевизиялық бәйгесі 17 наурызда қорытындыланады«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесіне  қатысушылардан жүзге жуық жұмыстар келіп түскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен апталық брифинг барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Арсен Бектасов мәлімдеді. 
«Қазіргі таңда өтініштерді қабылдау жалғасуда. Республикалық және аймақтық деңгейде жүзге жуық жұмыстар келіп түсті» ,-деді Арсен Бектасов. 
Сондай-ақ, мекеменің баспасөз хатшысы телеарна саласының журналистері осы байқауға белсене атсалысатынына үмітті. «Ертең өтініштерді соңғы рет қабылдаймыз. 17 наурызда бәйге қорытындыланады»,-деді Арсен Бектасов.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 наурыз 2017 г. 550 0