
8 наурыз Қазақстанның көп аумағында жылы және жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, алдағы екі күнде (7-8 наурыз) Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райы жылы, жауын-шашынсыз, ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градус жоғары болады.
"8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні солтүстік аймақтарда, атмосфералық фронттың өтуімен, бұлтты, кей жерлерде кар жауып, температура төмендейді деп күтілуде, бірақ температуралық ая нормадан жоғары болып сақталады", - дейді синоптиктер.